13:53, 04 Наурыз 2012 | GMT +5
ТЖМ мамандары қар құрсауында қалған 18 адамды құтқарды
АСТАНА. 4 наурыз. ҚазАқпарат - Алматы облысы Алакөл ауданында, Қайнар стансасынан 5 шақырымдай жерде ауа-райының күрт бұзылуынан 5 көлік және 18 адам қар құрсауында қалған, деп хабарлайды ҚР ТЖМ.

Алакөл аудандық ТЖБ Ақши кентінің судан құтқару күшімен( 7 адам мен 2 техника) бірлесе қимылдап, қар тұтқынында қалған жандарды Жайпақ елді мекеніне жеткізді. Зардап шеккендер жоқ.