ТЖМ мемлекеттік сатып алу кезінде толықтай отандық өнімдерге басымдық береді ? интернет-конференция

АСТАНА. Маусымның 2-сі. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - Төтенше жағдайлар министрлігі елдегі өндірушілерді қолдау және қазақстандық мөлшерді арттыру мақсатында мемлекеттік сатып алу кезінде толықтай отандық өнімдерге басымдық береді.
None
None
Бүгін Үкімет сайтында бұл туралы ведомствоның қатысуымен өтіп жатқан интернет-конференциясында мәлімделді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Қазақстандық кәсіпорындарға қолдау жасау мақсатында биыл ақпанның 25-інде Төтенше жағдайлар министрлігі, Ақмола облысының әкімдігі және 8 отандық өндіруші компания үш жақты меморандумға қол қойған болатын. Компаниялардың ішінде «КамАЗ-инжиниринг», «Тыныс», «Электрокабель» зауыты, «Азия электрик» сауда үйі сияқты ірі өнім жеткізушілер бар.Интернет-конференцияда көрсетілген деректерге сай, Ақмола облысының ең ірі кәсіпорындарының бірі «КамАЗ-инжиниринг» пен министрлік арасында жалпы құны 36 390 000 теңге болатын апаттық-құтқару техникаларын және жол талғамайтын жүк көліктерін жеткізіп беру жөнінде келісімшартқа қол қойылған.
Соңғы жаңалықтар