08:59, 16 Қыркүйек 2011 | GMT +5
ТЖМ-ның Әкімшілік жұмыс департаменті «Мемлекеттік тіл - менің тілім» және «Туған тілдің білгірі» республикалық байқауларының қорытындысын шығарады
ТАНА. 16 қыркүйек. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Әкімшілік жұмыс департаменті «Мемлекеттік тіл - менің тілім» және «Туған тілдің білгірі» республикалық байқауларының қорытындысын шығарады, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Байқауларға өз өңірлерінде жүлделі орын алған ҚР ТЖ министрлігі аумақтық органдарының 32 өкілі қатысады.
Іс-шара Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығын мерекелеу және Қазақстан халқы тілдері мерекесі аясында өтеді.