15:33, 13 Тамыз 2010 | GMT +5
«Үбі» кеденінде Қырғызстан азаматынан ірі мөлшердегі героин табылды
ӨСКЕМЕН. Тамыздың 13-і. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Шығыс Қазақстанның «Үбі» кеден бекетінде ірі мөлшердегі героин тасымалдаған Қырғызстан азаматы қолға түсті. Героин «Хундай Старекс» автокөлігінің жүк тиегішінде жатқан тюль орамына жасырынып салынған екен.

Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлеріне тығылған есірткіні табу барысында «Ырысты» деген лақап аты бар қызметтік иттің көмегі тиген. Жолаушылары бар автокөлік Ош қаласынан Новосібір қаласына бара жатқан. Жүргізілген сот-химиялық сараптама тәркіленген есірткі 873,95 грамм салмақтағы герион екенін растаған.
Осы факт бойынша Қырғызстан азаматына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.