Үгіт-насихат науқанында саяси партиялардың рейтингі біршама өзгерді - «Демократия институты» ғылыми-зерттеулер қауымдастығы»

АСТАНА. 9 қаңтар. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - «Мәжіліс депутаттарының сайлауына қатысатын саяси партиялардың үгіт-насихат науқаны кезінде рейтингі біршама өзгерді»,-деп мәлімдеді бүгін «Демократия институты» ғылыми-зерттеулер қауымдастығы» қоғамдық бірлестігі жобасының директоры Юлия Кучинская.
None
None

Бұл туралы ол Мәжіліс депутаттарының сайлауына қатысты қалың көпшіліктің ой-пікірлерін білу мақсатында екінші рет өткізілген зерттеу жұмыстарына байланысты баспасөз мәслихатында мәлім етті.

 Директордың деректеріне қарағанда, «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясы үгіт-насихат науқаны кезінде өзінің қолдаушыларын 80,1 пайызға дейін жеткізген. Ал Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясын қолдаушылар 7,3 пайызға жеткен. «Аталмыш көрсеткіштер бойынша үшінші орында Қазақстанның коммунистік халық партиясы тұр. Бұл партияны зерттеуге қатысушылардың 7,1 пайызы қолдап отыр. Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясын қолдаушылар керісінше 1,9 пайызға дейін төмендеді»,-деді Ю.Кучинская.

 Оның айтуынша, Мәжіліс сайлауына қатысуға бел буып отырған өзге саяси партиялардың рейтингі үгіт-насихат науқанында айтарлықтай өзгерген жоқ. «Нақтырақ айтқанда, «Әділет» демократиялық партиясын cайлаушылардың 1,3 пайызы қолдаса, Патриоттар партиясына дауыс берушілер 0,8 пайызды құрады. Ал социал-демократиялық «Ауыл» партиясын 0,5 пайыз халық қолдады.  Зерттеуге қатысқан азаматтардың 1 пайызы әлі қай партияға дауыс бертіндігін шешпеген»,-деді жоба директоры.

Соңғы жаңалықтар