07:50, 03 Мамыр 2011 | GMT +5
Үгіт-насихат топтары Павлодар облысының ауылдарын аралайды
ПАВЛОДАР. 3 мамыр. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Облыстық ақпараттық-насихаттық 13 топ ертең, 4 мамырда Павлодар облысының аймақтарын аралайды,

деп хабарлады ішкі саясат басқармасынан.
Құрамына облыс әкімдерінің орынбасарлары мен басқарма басшылары, облыстық және қалалық мәслихаттардың депутаттары, этномәдени бірлестіктердің жетекшілері мен бизнес-құрылым өкілдері кіретін топтар халықпен кездеседі, үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының орындалу барысы туралы, Елбасының Қазақстан халқына Жолдауында айтылған маңызды міндеттердің атқарылу жайы туралы әңгімелеп береді.