Уго Чавестің ерен еңбегі тарихта өшпес із қалдырды - Н.Назарбаев

АСТАНА. 6 наурыз. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Боливар Венесуэла Республикасының вице-президенті Николас Мадуроға ел Президенті Уго Чавестің қайтыс болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады.
None
None

Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз қызметі хабарлады.

Нұрсұлтан Назарбаев Боливар Венесуэла Республикасының Президенті Уго Чавестің мезгілсіз қайтыс болғаны қаралы хабарды ерекше күйзеліспен қабылдағанын атап өткен.

«Уго Чавестің Венесуэланы жан-жақты дамытуға және халықтың жағдайын жақсартуға сіңірген ерен еңбегі тарихта өшпес із қалдырды. Оның жарқын бейнесі біздің есімізде мәңгі сақталатынына сенімдімін», - делінген жеделхатта.

Соңында Мемлекет басшысы Қазақстан халқының және жеке өз атынан Президент У.Чавестің отбасына және достас Венесуэла халқына терең күйзеліспен, шын ниетпен көңіл айтты.

Соңғы жаңалықтар