ҮИИД бағдарламасына жобаларды іріктеу кезінде сапаға баса назар аударамыз - Ақтөбе облысының әкімі

АҚТӨБЕ. 27 шілде. ҚазАқпарат - Бүгін мәслихаттың төртінші сессиясында облыс әкімі Архимед Мұхамбетов 2012 жылдың бірінші тоқсанында атқарылған жұмыстың нәтижелері жөнінде есеп берді.
None
None

«Кәсіпкерліктің белсенділігі арқасында Ақтөбе облысы Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын іске асыру бойынша көш бастап тұрған өңірлердің қатарына енді», - деді ол.

«Қазақстанның Индустрияландыру картасына өңірден 631,5 млрд. теңгеге 68 жоба енді. 2 жыл ішінде облыста 51 өндірістік нысан іске қосылып, 332 млрд. теңгеге өнім өндірілді. Бұл облыста өндірілген барлық өндірістік өнімнің 12 пайызын құрайды. Әрине, жобалық қуаттылыққа шықпаған әлі де бірқатар жобалар бар».

Ағымдағы жылы облыста 20-дан астам инвестициялық жоба іске асырылуда.

Айта кетейік, өңірде құны 1 млрд. доллардан астам тұратын Жаңажол газ өңдеу зауытының (ЖГӨЗ) 2-3 кезегі салынады деп жоспарлануда. рельс-бөрене зауытын, битум зауытын және жаңа газтурбиналық электр стансасы мен никель зауытының құрылысын бастау жоспарланып отыр. 1 қыркүйекке дейін Үкіметте шыны зауытын орналастыру жөніндегі мәселе өз шешімін табады. Жобаның екі нұсқасы қарастырылуда: Ақтөбе немесе Қызылорда облысында шыны зауытын салу.

Соңғы жаңалықтар