ҮИИМДБ-ні іске асыру кезеңі инновациялық жүйенің қайта бастауы болды

АСТАНА. 3 шілде. ҚазАқпарат - Инновация, энергия үнемдеу және еңбек өнімділігі. Бұл үш түсінік индустрияландыру аптасы тақырыбының біріне біріктірілген.
None
None

Өйткені дәл инновациялық тәсіл жүргізіліп отырған индустриялық саясаттың тиімділігіне, Қазақстанның шикізаттық емес бәсекелестік қабілетін құруға және сақтауға кепілдік береді.

ҚР Президенті өзінің «Қазақстан-2050» Стратегиясында «Біздің мақсат - жаһандық технологиялық революцияның бөлігі болу» - деп атап өткен еді.

Бүгін Астанада елдің инновациялық дамуының негізгі операторы - «ТДҰА» АҚ-ның 10 жылдығына орай мерейтойлық баспасөз мәслихаты өтеді. Өткен жылдары 600 идея мен жоба қолдау тапты, оның ішінде 396 жоба ҮИИМДБ-ні іске асыруды бастағаннан бері кезеңде қолдау тапты. ҮИИМДБ-ні іске асыру кезеңі инновациялық жүйенің қайта бастауы болды. «Ғылым туралы», «Индустриалды-инновациялық қолдау туралы» жаңа заңдар қабылданды. Онда мемлекеттік қолдаудың жаңа құралдары бекітілген.

Қабылданған шаралар нәтижесінде инновациялық-белсенді кәсіпорындардың сандық үлесі 4-тен 7,6 пайызға дейін өсті. 2009 жылмен салыстырғанда технологиялық инновацияларға арналған кәсіпорындардың шығыстары 2 млрд. долларға дейін (61 млрд теңгеден 326 млрд. тегеге дейін), яғни 5 еседен астамға өсті. 2009 жылдан бері жалпы сомасы 9 млрд. теңгеге 179 инновациялық гранттар бөлінді.

Мысалы, «Вентиляциялық жабдық өндірісін жаңғырту үшін жабдықты сатып алу» жобасымен «Алматы вентилятор зауыты» 97 951 728 теңге сомасына технологияларды сатып алуға инновациялық грант алды. Кәсіпорын климаттық техниканы әзірлеумен, дайындаумен және өткізумен айналысады және Қазақстан Республикасының аумағында осындай жабдықты шығаратын жалғыз кәсіпорын болып табылады.

Немесе, өнертапқыш Евгений Николаевич Воронов «Жылу алмасу модулін өнеркәсіптік шығару» жобасымен «Технологиялық бизнес-инкубациялау» құралы аясында 6 586 632 теңге сомасына қолдау тапты. Ол жылу маусымында отынды 40-45 пайызға үнемдеуге мүмкіндік беретін жоғары тиімділікті инновациялық жылу қазандығын ойлап тапты және патенттеді.

«Энергия үнемдеу және энергия тиімділікті арттыру туралы» Заңды және 2011-2015 жылдарға арналған энергия тиімділігі бойынша кешенді жоспарды қабылдауға байланысты ҚР-да ІЖӨ энергия сыйымдылығын 2015 жылға қарай кемінде 10 және 2020 жылға қарай 25 пайыз төмендету болжануда. Энергия үнемдеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыра отырып, қазіргі күні, 2,8 млрд. теңгені үнемдей алдық.

Мемлекеттік энергетикалық тізілім қалыптастырылған, оған 2000-нан астам өнеркәсіптік кәсіпорын мен 28000 мемлекеттік мекеме кірді.

Негізгі 30 ірі кәсіпорынға энергия аудитін жүргізу жоспарлауда, 50 кәсіпорында энергия менеджменті жүйесі енгізілуде. Елдің 200-ден астам өнеркәсіптік кәсіпорындарында жаңғырту жүруде және 300 млрд. теңгеден астам инвестиция салу жоспарлануда. Өнеркәсіптік кәсіпорындардағы осы іс-шаралардан шамамен 3 млн. м.э.н. (мұнай эквивалентідегі тонна) мөлшеріндегі энергия ресурстарды үнемдеуден тиімділік алу жоспарлануда.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес ҚР ИЖТМ энергия үнемдеу саласында «Энергия тиімділігі - 2020» бағдарламасын әзірлеуде. Сондай-ақ, «Энергобаланс - 2020» бағдарламасы да дайындалуда.

2012-2015 жылдарға арналған энергия тиімділігі бойынша кешенді жоспар аясында 100-ден астам отандық энергия аудиторлары мен энергия менеджменттері дайындалды. 2012 жылы Астанада С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде «Энергетикалық менеджмент» атты жаңа мамандық ашылды. Осы мамандық бойынша С.Сефуллин атындағы агротехникалық университетінде 27 адам оқытылуда.

«Өнімділік 2020» бағдарламасының негізгі мақсаты - еңбек өнімділігін ұлғайту жолымен экономиканың басымды секторларындағы өнеркәсіптік кәсіпорындардың бәсекелестік қабілетін арттыру. Бұған қолдаудың әртүрлі құралдарын пайдалану арқылы қол жеткізіледі. Мысалы, «Қазақстандық индустрияны дамыту институты» АҚ «Инвестициялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеу немесе сараптама жасау үшін төлем» құралы арқылы жалпы сомасы 57.5 млн. теңгеге бағдарламаның 49 қатысушысын қолдады.

«ҚДБ-Лизинг» АҚ-ы жалпы сомасы 15 млрд. теңгеге 12 жобаны қаржыландыруды мақұлдады. Мәселен, Кентау трансформатор зауыты қаржыландырылды. «Инновациялық гранттар» тетігі бойынша «ТДҰА» АҚ-ы жалпы сомасы 28.9 млн. теңгеге 8 жобаға қолдау көрсетті. «ҚИДИ» АҚ-ы да қатысушылармен түсіндіру жұмыстарын жүргізеді, 89 семинар өткізілді және өнеркәсіптік кәсіпорындарда 21 кездесу ұйымдастырылды.

Соңғы жаңалықтар