Үкімет «2010-2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заңды іске асыру жөніндегі қаулының жобасын қабылдады

АСТАНА. Желтоқсанның 22-сі. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Бүгін Үкімет отырысы барысында Министрлер кабинеті «2010-2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заңды іске асыру жөнінде қаулы қабылдады,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Бақыт Сұлтанов атап көрсеткендей, аталған құжатта ағымдағы жылы желтоқсанның 7-сі күні Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қол қойған алдағы үш жылдық кезеңге арналған республикалық бюджетті орындау қарастырылған. Қаулы жобасы ҚР Бюджет кодексіне сай етіп әзірленді. Онда облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне нысаналы трансферттерді, несиелерді және халықты өңірлік қамту мен мамандарды қайта даярлау стратегиясын іске асыруға бағытталған қаражат бөлініп, мемлекеттік тапсырмалар тізбесі бекітіледі. Жергілікті атқарушы органдарының бірқатар өкілеттерінің жоғарғы билікке берілуіне байланысты жергілікті бюджеттерге түсетін қаржының көлемі айқындалған. Сондай-ақ қаулы жобасында республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне 2010-2012 жылдарға арнаған республикалық бюджетті уақытылы және сапалы орындау бойынша бірқатар тапсырмалар беріледі. Оның ішінде «Жол картасын» жүзеге асыру және әлеуметтік нысандарды жегілікті бюджеттердің есебінен салу бойынша тиісті міндеттемелер бар. «Республикалық бюджетті жедел іске асыру мақсатында бюджет әкімшілері 5 күннің ішінде өздерінің стратегиялық жоспарларын әзірлеп, ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне нақтыланған бюджеттік өтініштерді беруі тиіс. Сонымен қатар олар мемлекеттік жоспарлаудың ақпараттық жүйесінің деректер базасына тиісті өзгерістерді енгізе алады», - дейді Б.Сұлтанов.    

Соңғы жаңалықтар