Үкімет басшысы Астана маңындағы ЖЭО-3 және қосалқы стансылары бар 220 кВ желісінің құрылысының басталуына орай капсула салды

АНА. Тамыздың 18-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Бүгін Үкімет басшысы Кәрім Мәсімовтің қатысуымен елорда маңындағы стратегиялық маңызды энергетикалық нысандардың, яғни Жылу электр орталығы-3 және Астана маңындағы 3 қосалқы стансалары бар 220 кВ желісінің құрылысының басталуына орай капсула салынды.
None
None

«Елбасы біздің елордамыздың дамуында энергетикалық қамтамасыз етуге айрықша назар аудару керектігін айтып, Үкіметке, қала әкімдігіне нақты тапсырма берді. Меніңше, бүгін болып жатқан оқиға яғни, Жылу электр орталығы-3 және 220 кВ жоғары вольтты желінің құрылысы қаланың тұрақты дамуына, сондай-ақ елорда аумағындағы индустриялық жобалардың тұрақты дамуына мүмкіндік береді», деп атап өтті Үкімет басшысы.

Қаланың энергетикалық күш-қуатын арттыру өте маңызды екеніне тоқталған К. Мәсімов, енді қала әкімдігі, бұл жобаға қатысушы құрылысшылар алдағы мақсаттарды шешіп, бұл нысандардың белгіленген құрылыс мерзімін қамтамасыз етулері тиіс екенін атап өтті.

Айта кетейік, таратылған мәліметтерге қарағанда, ЖЭО-3-тің құрылысы 2018 жылға қарай аяқталады деп жоспарланып отыр. Жобаның жалпы құны 193,7 млрд. теңге. Ал қосалқы қосалқы стансылары бар 220 кВ желілі сақина құрылысы қаламен жақын жатқан аудандардың электр желілерінің жалпы өткізгіштік мүмкіндігінің 1200 мВт-ға дейін артуына жол ашады. 220 кВ желісі сақинасының ұзындығы 152 шақырымға созылмақ.

Сондай-ақ ол Ақмола облысының Аршалы, Целиноград және Шортанды аудандарының аумағынан өтеді. Оның құрылысын аяқтау 2014 жылға жоспарланып отыр. Ал жобаның құны 38,6 млрд. теңгені құрайды.

Соңғы жаңалықтар