Үкімет басшысы Астанадағы бірқатар нысандардағы құрылыс жұмыстарының барысымен танысты

АСТАНА. Мамырдың 28-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Бүгін елордада Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов пен қала әкімі Иманғали Тасмағамбетов бірқатар нысандардағы құрылыс жұмыстарының барысымен танысты,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Астанада салынып жатқан құрылыстардың барысын бақылау жөніндегі мемлекеттік комиссияның мүшелері алдымен 3 мың 500 орындық әмбебап кино-концерт залының құрылысында болды. Бұндағы жұмыстар 2005 жылдың мамыр айында басталды және оны алдағы шілде айында аяқтау жоспарланып отыр, сондай-ақ осындағы жалпы зал биылғы жылдың желтоқсанында пайдалануға беріледі. Сонымен қатар Үкімет басшысы Астананың ғылым-білім беру кешенінде болды. Әкімдік мәліметіне қарағанда, құрылысы 2007 жылдың қыркүйегінде басталған жаңа оқу орынының ауданы 77 гектар аумақты алып жатыр. 4 кезең бойынша салынатын нысан жалпы 20 мың студентке арналмақ. Бірінші кезекте 2009 жылдың қыркүйек айында 5 мың студентке арналған 12 ғимарат тапсырылатын болады. Бұдан кейінгі «Хан Шатыры» сауда ойын-сауық орталығының құрылысын ағымдағы жылдың соңына қарай аяқтау жоспарланып отыр. Мұнымен қоса, комиссия мүшелері биылғы жылғы шілденің 1-інде пайдалануға берілуі белгіленіп отырған М-3 көпірінің құрылысын көрді. Жоба бойынша көпір екі бағытта жүретін 8 жолаққа есептелген. Құрылыстың құны 7,5 миллиард теңгені құрайды. Премьер-Министр «Жаңа құрылыс» ЖШС салып бітіретін үлестік құрылыстың проблемалы нысаны «Тәуелсіздік» тұрғын үй кешені мен локомотив құрастыру зауытында болды. Тұрғын үй кешені 2009 жылдың тамызында тапсырылады. Ал локомотив зауыты биылғы жылдың үшінші тоқсанында пайдалануға беріледі. Нысан құны 9,988 миллиард теңгені құрайды. Зауыттың жылдық өндіріс қуаттылығын 2010 жылы 28 тепловоздан 2014 жылы 100-ге дейін жеткізу жоспарлаған. Сонымен қатар, мемлекеттік комиссияның көшпелі отырысына қатысушылар Бөгенбай батыр даңғылын қайта жаңарту жұмыстарының барысымен танысты. Жаңарту жұмыстары жобасының құны 11,606 миллиард теңге. Бас мердігер «Джейлан Лимитед» ЖШС «бүкір» көпірдің бірінші эстакадасын 2009 жылғы шілденің 1-інде, ал екіншісін қараша айында пайдалануға беруді белгілеп отыр.
Соңғы жаңалықтар
Референдум