Үкімет басшысы экономиканы долларсыздандырудағы басты мәселені атады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық банктер ұлттық валютамен қаржыландырылуы тиіс. Бүгін Парламент Сенатының жалпы отырысында Үкімет
None
None

басшысы Кәрім Мәсімов осылай мәлімдеді Еске салайық, палата отырысында «2015-2017 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасы талқыланған болатын. «Орталық банктің теңге бағамы саясатына келсек, біз бұл бағытта консультациялар жүргізіп келеміз. Жалпы, Үкімет Ұлттық банктің бүгінгі ұстанымын, соның ішінде орташа мерзімдік кезеңдегі инфляциялық стратегиялауға ауысу жұмысын қолдайды. Сонымен қатар Ұлттық банк Үкіметтің экономиканы долларсыздандыру жұмыстарын да жалғастыруы керек», - деді Премьер-министр.

Үкімет басшысының пайымынша, экономиканы долларсыздандыру үшін бірқатар мәселелер кешенін шешу керек.

«Менің пайымымша, бұндағы басты мәселелердің бірі - ұлттық банкілік жүйені ұлттық валютада, яғни теңгемен қаржыландыруды қамтамасыз ету. Егер қорландыру ұлттық валютамызда жүретін болса, онда кредиттеу де ұлттық валютада жүзеге асады. Ал олай болса, доллар бағамының құбылуы қандай да бір мәселені шешуге соншалықты әсер етпес еді», - деді К.Мәсімов.

Соңғы жаңалықтар