Үкімет басшысы «Ernst & Young Global» компаниясы өкілдерімен кездесуде Қазақстан экономикасының шикізатсыз секторындағы инвестициялық ахуалды жақсарту мәселелері талқыланды.

АСТАНА. Желтоқсанның 4-і. ҚазАқпарат - Бүгін түстен кейін Қазақстан Республикасының Премьер - Министрі Кәрім Мәсімов ҚР Президенті жанындағы шетелдік инвесторлар Кеңесінің (ШИК) отырысына қатысқан ірі халықаралық компаниялар өкілдерімен бірқатар жұмыс бабындағы кездесулер өткізді,
None
None

деп хабарлайды ҚР Үкіметі басшысының баспасөз қызметі.

«Ernst & Young Global» аудиторлық және консалтингтік компаниясының ТМД бойынша басқарушы серіктесі Карл Джохансон бастаған өкілдермен болған кездесу барысында Қазақстан экономикасының шикізатсыз секторындағы инвестициялық ахуалды жақсарту мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар, менеджмент жұмысының тиімділігі мен қабылданған шешімдердің сапасын Үкімет қалай бағалай алады деген көзқарас деңгейінде Самұрық-Қазына ҰӘҚ мен оның еншілес компанияларының қызметі талқыланды. Сондай-ақ, инвестицияны ынталандырудың, оның ішінде салықтық реттеу құралдарын пайдалану арқылы әлемдік тәжірибесі туралы әңгіме өрбіді.

                                       ***

ҚР Премьер-Министрінің  «Baker and McKenzie» халықаралық заң фирмасының атқарушы комитетінің төрағасы Джон Конроймен болған кездесуінде Қазақстан экономикасына инвестиция тарту саласын құқықтық қолдау, сондай-ақ, құқықтық қызметтің ұлттық нарығын дамытудың перспективалары жөніндегі мәселелер талқыланды.

Соңғы жаңалықтар