17:40, 29 Мамыр 2009 | GMT +5
Үкімет басшысы «General Electric International» компаниясының директорлар кеңесі төрағасымен кездесті
АСТАНА. Мамырдың 29-ы. ҚазАқпарат - Бүгін Үкімет үйінде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов «General Electric International» компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Джеффери Р. Иммельтпен кездесті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Үкімет басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Кездесуде компанияның Қазақстандағы қызметінің келешектегі жай-күйі, оның ішінде инвестициялық жоспарлары жөнінде әңгіме өрбіді. Премьер-Министр америкалық компанияның бастамаларын мақұлдап, екі елдің пайдасына сай келетін жобаларды әрі қарай жүзеге асыруда Қазақстанның мүдделілігін жеткізді.