Үкімет басшысы халықаралық компаниялар өкілдерімен бірқатар жұмыс бабындағы кездесулер өткізді

АСТАНА. Желтоқсанның 4-і. ҚазАқпарат - Бүгін түстен кейін Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов ҚР Президенті жанындағы шетелдік инвесторлар Кеңесінің (ШИК) отырысына қатысқан ірі халықаралық компаниялар өкілдерімен бірқатар жұмыс бабындағы кездесулер өткізді,
None
None

деп хабарлады ҚР Үкіметі басшысының баспасөз қызметі.

К.Мәсімовтің «BG Group» бас атқарушы директоры Фрэнк Чэпменмен кездесуі барысында бүгін Астана қаласында өткен ШИК қорытындылары талқыланды.

«Қажетті заң актілерінің қабылдануына жәрдемдесіп, тиісті инфрақұрылымды құру арқылы ШИК Қазақстан Президентінің басшылығымен инвестициялық ахуалды жақсартуды қамтамасыз ету үшін көп іс тындырып отыр», - деді Ф.Чэпмен.

Сондай-ақ, ол Премьер-Министрге «BG» компаниясының Қазақстандағы басты жобасы - Қарашығанақ мұнай-газ кенішін игеру және жоспарланып отырған инвестициялық қызметі жайлы хабарлады.

                                         ***

 Премьер - Министрдің «ЛУКОЙЛ» ААҚ Президенті Вагит Алекперовпен болған кездесуінде әлемдік отын-энергетикалық нарығындағы ағымдағы жағдайдың мәселелері талқыланды.

Тараптар компанияның Қазақстандағы қызметінің перспективалары, оның ішінде «ЛУКОЙЛ»-дың инвестициялық бастамалары жөнінде ой бөлісті.

Премьер-Министр ресейлік компанияның ұсыныстарын мақұлдап, әрі қарайғы өзара тиімді ынтымақтастыққа мүдделілік білдірді.

                                        ***

ҚР Премьер - Министрі К.Мәсімовтің «Шеврон» корпорациясының атқарушы Вице-президенті Джордж  Киркландпен болған кездесуінде қазақстандық кен орындарын игеру және «Шеврон» корпорациясының түрлі инфрақұрылымдық жобаларға қатысу мәселелері талқыланды.

                                        ***

«Eni» компаниясының Қазақстандағы ағымдағы қызметінің мәселелерін Премьер-Министр К.Мәсімов «Eni» корпорациясының барлау және өндіру бөлімшесінің директоры Клаудио Дескальцимен талқылады.

Атап айтқанда, Қашаған және Қарашығанақ кен орындарын игеруге қатысты, сондай-ақ, ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Римге жасаған соңғы сапарының нәтижесінде бкітілген Қазақстан мен «Eni» арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумның іске асырылу барысы талқыланды.

«Бұл меморандум жергілікті инфрақұрылымды дамытуға, электр стансыларының құрылысы, мұнай-химия саласындағы және индустриялық қызметтің өзге де бағыттарына біздің қатысуымызды айқындайды», - деді К.Дескальци

                                  ***

Кәрім Мәсімов, сонымен қатар, «Total Exploration and Production» компаниясының Атқарушы комитетінің мүшесі, атқарушы Вице-президенті Ив-Луи Дарикарэрмен кездесті. Тараптар «ҚазМұнайГаз» және «Total Exploration and Production» компаниялары арасындағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелері, сондай-ақ, компанияның Қазақстандағы қызметін кеңейтудің перспективалары жөнінде пікір алмасты.

  

 

 

 

 

Соңғы жаңалықтар