Үкімет басшысы К. Мәсімов интернет пен БАҚ-тың өзара әсерлесуін қамтамасыз етуді тапсырды

АСТАНА. Қазанның 29-ы. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Бүгін Астанада басталған «Электронды Үкіметтің бастамалары» атты төртінші халықаралық конференция барысында сөз сөйлеген ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов интернет пен бұқаралық ақпарат құралдарының өзара әсерлесуіне тиісті  жағдай жасауды тапсырды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Әрине, бүгінгі таңда интернет пен БАҚ-ты ажырату мүмкін емес. Демек, оларды бөлек-бөлек қарастыратын уақыт өтті. Осыған орай бұл екі саланың бірігіп, өзара әсерлесуіне қолдау жасау керек. Сондықтан мен ҚР Ақпараттандыру және байланыс агенттігі мен ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі алдына міндет қоямын. Жақын арада осы саладағы барлық тәжірибені зерделеп, еліміздегі интернет пен БАҚ-тың өзара әсерлесуін қамтамасыз ету бойынша тиісті ұсыныстар жасалсын. Бүгін мен осыны тапсырамын», деді К. Мәсімов.

Соңғы жаңалықтар