18:21, 09 Шілде 2010 | GMT +5
Үкімет басшысы «Қазақстан аллюминийі» ААҚ Торғай боксит кен басқармасы карьерінің жұмысымен танысты
ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ. Шілденің 9-ы. ҚазАқпарат /Қанат Құлшыманов/ - ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Қостанай облысына жұмыс сапары барысында «Қазақстан аллюминийі» ААҚ Торғай боксит кен басқармасы карьерінің жұмысымен танысып қайтты.

Торғай боксит кен басқармасының жұмысы мен тұрғындардың жұмыспен қамтылуы жайында Үкімет басшысына облыс әкімі Сергей Кулагин баяндап берді.
«Қазақстан аллюминийі» ААҚ бөлімшесі боксит пен отқа төзімді саз балшық өндірумен айналысады.