18:00, 15 Қараша 2012 | GMT +5
Үкімет басшысы Қызылорда облыстық медициналық орталығында болды
ҚЫЗЫЛОРДА. 15 қараша. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов Қызылорда облысына жұмыс сапары аясында облыстық медицина орталығының жұмысымен танысты.
Мұнда орталық директоры Нариман Табынбаев қонақтарға монитор арқылы орталықтың денсаулық сақтау саласында жеткен жетістіктерін таныстырды. Мұнан кейін олар эндовоскуляр бөлімінің жұмысын көрді. Бұдан әрі Үкімет басшысына сумен емдеу бөлімінің жұмысын таныстырылып, денсаулық сақтау саласының мамандарына арналған 50 пәтерлік үй көрсетілді.