Үкімет басшысы «Нұр Отан» партиясынан бірқатар бағыттар бойынша қолдау сұрады

/strong>2-сі. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Бүгін «Нұр Отан» ХДП фракциясының кеңейтілген отырысында ҚР Премьер-Министрі «Нұр Отан» партиясынан бірқатар бағыттар бойынша қолдау жасауды сұрады,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Мемлекеттік мүдделер тұрғысынан алып қарағанда, бізде бірлесіп шешетін бірқатар мәселелер баршылық. Осыған орай, «Нұр Отан» партиясынан негізгі бес бағыт бойынша қолдауды сұраймын. Біріншіден, даму бюджетіне енгізілген өзгерістер мен оның тиімді жүзеге асуын қамтамасыз ететін басқа да барлық заң жобаларын қолдауларыңызды сұраймын. Біз осы ретте «2010 жылғы республикалық бюджетке енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы» заң жобасын, «Ғылым туралы» жаңа заң жобасын, «Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін мемлекеттік реттеу туралы» заң жобасын және мемлекеттік -жеке әріптестік туралы заң жобасын жедел түрде қарап, қабылдауларыңызды сұраймыз. Біз осы заң жобалары бойынша сындарлы диалогқа дайынбыз», деді К. Мәсімов.

Соңғы жаңалықтар