12:19, 29 Мамыр 2009 | GMT +5
Үкімет басшысы Орталық Азия, Қара теңіз аймағы және Балқан елдерінің орталық банктерін басқарушылар клубының ХХІ отырысына қатысты
АСТАНА. Мамырдың 29-ы. ҚазАқпарат. Бүгін Астанада Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Орталық Азия, Қара теңіз аймағы және Балқан елдерінің орталық банктерін басқарушылар клубының XXI отырысына қатысты,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
К.Мәсімов Қазақстанның экономиканы тұрақтандыруға қатысты, атап айтқанда, банктердің акционерлік капиталдарына қосымша қаражат беру, екінші деңгейлі банктерге төлем қабілетін арттыру үшін қосымша көздер ұсыну және қайта қаржыландыру мүмкіндіктерін кеңейтуге қатысты жүргізіп отырған шаралары туралы айтты.Сонымен қатар, Премьер-Министр шикізатсыз секторда жұмыс істейтін кәсіпорындарға салықтық жүктелімді азайту жөніндегі жаңа Салық кодексінің қолданыстағы қағидаларын, сондай-ақ, әлеуметтік төлемдерді арттыру мен тұрғындардың әлеуметтік жағынан аз қамтылған топтарын қолдауға қатысты шараларды да атап өтті.ОБ басқарушылар клубының отырысын өткізудің өзектілігіне тоқталған К.Мәсімов «мұндай жоғары деңгейде әңгімелесіп, ақылдасу әлемдік дағдарысты еңсеруде дұрыс шешімдер қабылдауға мүмкіндік беретінін» айтты.