Үкімет басшысы «Самұрық-Қазына» қоры құрамына кіретін ұлттық компаниялардың бір бөлігін Қазақстанның қор нарығына шығаруды тапсырды

СТАНА. Тамыздың 12-сі. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Бүгін «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қорының кеңейтілген отырысында Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов әл-ауқат қорының құрамына кіретін ұлттық компаниялардың бір бөлігін Қазақстанның қор нарығына шығаруды тапсырды.
None
None

«Жыл соңына дейін «Самұрық-Қазына» құрамына кіретін компаниялардың бір бөлігін бізге шағын пакеттермен Қазақстанның қор нарығына шығару мүмкіндігі бойынша сіздерге ұсыныс енгізу керек. Бұл шара қазақстандық ішкі қор нарығын дамыту үшін қажет», -деді Премьер-Министр.

«Біз бұл жұмысты 2007 жылы бастадық және осындай міндеттер алға қойылған болатын. Алайда, кейіннен қаржы дағдарысы кедергі болды. Менің ойымша қазіргі кезде бұл жұмысқа қайта оралу керек»,-деп атап өтті К. Мәсімов.

«Халықтың қолындағы қаржы индустриялдық саясат мақсаттарын шешуге, шағын және орта бизнесті қолдауға және басқа да шараларға жұмыс істеуі қажет»,-деді Үкімет басшысы.

Соңғы жаңалықтар