Үкімет басшысы сатылмай қалған астық мәселесін шешіп беруге уәде берді

АСТАНА. Наурыздың 2-сі. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Бүгінде өтпей жатқан астық мәселесі - ол үлкен проблема. Біз оны шешуге көмектесеміз.
None
None

Бүгін «Нұр Отан» фракциясының жиналысында депутаттардың сауалдарына жауап берген ҚР Премьер-Министр Кәрім Мәсімов осылай айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Осы мәселе бойынша сөз сөйлеген ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаевтың айтуынша, жалпы мемлекет есебінен 5 млн. тонна астық сатып алынды. Оның 4,8 млн. тоннасы экспортқа шағарылды. «Қазіргі кезде біз Қара теңіз арқылы қазақстандық астықты тасымалдауға күш салып отырмыз. Бірақ ол жақта Ресей мен Украинаның астығы әлі де өтпеген. Сондықтан олардың астығы өткеннен кейін біз Қара теңіз арқылы қосымша нарыққа шығатын боламыз», - дейді А.Күрішбаев.

Ал Сенат депутаты Светлана Жалмағамбетованың мәлімдеуінше, бүгінде аймақтардағы шаруаларда астық қамбалары лық толы. «Олар жиналған астықты қай жерге сақтайтындарын білмей отыр. Ал бірнеше айдан кейін көктемгі егіс жұмыстары басталады», - дейді депутат.

Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов аталған мәселенің үлкен проблема екендігін атап өтіп: «Біз көмектесеміз. Егер проблема бар болса, біз оны шешуге тырысамыз», - деді.

Соңғы жаңалықтар