Үкімет басшысы толық жөндеуден өткен Перинаталдық орталықта болды

А. Желтоқсанның 28-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Бүгін Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов Жол картасы аясында толық жөндеуден өткен елордадағы Перинаталдық орталықта болды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аталған орталықтың бас дәрігері Лариса Бухановскаяның айтуынша, құрылыс жұмыстары кезінде барлық жылу беру, сумен қамтамасыз ету жүйесі, кәріздер жаңартылып, жаңа жабдықтар орнатылған. Қазіргі кезде орталықта науқастарды қабылдау жүріп жатыр. 

Таратылған мәліметке қарағанда, аталған нысанда медициналық қызметті қамтамасыз етудің халықаралық сапа стандарттарына сәйкес   босануға көмек көрсету және салмағы 495 грамнан жоғары жаңа туған нәрестелерді күтуге арналған жаңа технологиялар енгізілуде. Айта кетейік, осында 12 жеке перзентханалық залдар құрылған.

Астана қаласының Перинаталдық орталығына толық жөндеу жұмыстарын жүргізу 620,5 миллион теңге көлеміндегі республикалық бюджет есебінен іске асырылды.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бастығы Алма Алтыбаеваның сөзіне қарағанда, Жол картасы бойынша бөлінген қаржыға 116 жобаны жүзеге асыру қарастырылған.  Бүгінде оның 114-і толығымен іске қосылған. «Жалпы,  21 мектеп, 9 балабақша, 6 мәдениет мекемелері жөндеуден өтті. Сонымен бірге аталған Перинаталдық орталық та Жол картасы бойынша жөнделді», - деді ол.

Әлеуметтік жұмыс орындарына 500-ге  тарта адам, сондай-ақ жастар тәжірибесіне 1 мың 200 адам бағытталған.

«Астана қаласы бойынша биылғы жылы 17 мың 800 жұмыс орындары құрылды. Ал Жол картасы аясында 4 мыңнан астам азамат еңбекпен қамтылды»,-деді басқарма бастығы.

Соңғы жаңалықтар