Үкімет басшысының бірінші орынбасары эвакуациялық қосында болды - БҚО

ОРАЛ. 22 сәуір. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Өмірзақ Шөкеев бүгін Орал қаласындағы бұрынғы облыстық балалар ауруханасы ғимаратында орналасқан эвакуациялық қосында болып, тұрғындармен әңгімелесті.
None
None

Мұнда қала маңындағы елді мекендер мен саяжайлардан көшірілген 446 адам орналастырылған. Су тасқынынан кейін бірқатарының баспанасы тұруға жарамаса, кейбіреулерінікі құлап та қалған. Шығынды анықтау үшін қосында арыз қабылдайтын жұмыс тобы бар.

Ө.Шүкеев психологиялық көмек бөлмесінде болып, медициналық кабинет жұмысымен де танысты. Барлық тұрғындар қажетті заттармен барынша қамтамасыз етілген.

Үкімет басшысының бірінші орынбасары зардап шеккендердің бәріне көмек көрсетілетінін жеткізді.

Соңғы жаңалықтар