09:05, 13 Қыркүйек 2010 | GMT +5
Үкімет басшысының бірінші орынбасары Ө.Шөкеев пен Экономикалық даму және сауда министрі Ж.Айтжанова Вашингтонға сапар жасайды
АСТАНА. Қыркүйектің 13-і. ҚазАқпарат - Үкімет басшысының бірінші орынбасары Өмірзақ Шөкеев пен Экономикалық даму және сауда министрі Жанар Айтжанова жоғары саяси деңгейде екіжақты консультациялар жүргізу үшін қыркүйектің 13-і мен 17-сі аралығында Вашингтонға сапар жасайды. Бұл туралы Қазақстанның АҚШ-тағы елшілігінен хабарлады.
Бұл сапар - Экономикалық даму және сауда вице-министрі Тимур Сүлейменов бастаған қазақстандық делегацияның Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына қосылу мәселесі бойынша қыркүйектің 7-10-ы аралығында өткізген техникалық консультацияларының жалғасы болып табылады.
Еліміздің Дүниежүзілік сауда ұйымына қосылуы жөніндегі келіссөз үдерісінде маңызды ілгерілеушіліктерге қол жеткізу мақсатында, аталмыш сапардың барысында Ақ үйде, Мемлекеттік департамент пен Конгресте, сондай-ақ АҚШ Сауда өкілі, елші Рон Керкпен кездесулер жоспарланған.