18:35, 22 Сәуір 2011 | GMT +5
Үкімет басшысының бірінші орынбасары облыс әкімімен бірге Алғабас ауылы мен қыстақтарды тікұшақпен аралап шықты
ОРАЛ. 22 сәуір. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Бүгін Үкімет басшысының бірінші орынбасары Өмірзақ Шөкеев облыс әкімі Б.Ізмұхамбетовпен және төтенше жағдайлар министрі В.Божкомен бірге Алғабас ауылы мен қыстақтарды тікұшақпен аралап шықты.
БҚО-ның Ақжайық ауданы Алғабас ауылында да су қайта бастады. Бұл туралы бүгін аудандық су тасқынымен күрес штабының бастығы, аудан әкімінің орынбасары Нұрлан Рахымжанов мәлім етті.Оның айтуынша, су басқан аймақта жағдай қалыпқа түсіп келеді. Тасқыннан ауданда төрт елді мекен зардап шегіп, 50 бас ірі қара, 30 қой шығын болған.
Н.Рахымжановтың сөзіне қарағанда, Алғабас ауылы маңында дамбаны нығайту жұмыстары жалғасуда. 9 техниканың қатысуымен Астана, Қостанай, Қызылордадан келген құтқарушылар жасағы кезекшілік етуде.
Бесоба мен Қарағай елді мекендерінен көшірілгендер мектеп жанындағы интернатқа орналастырылған.