Үкімет бюджет саласы қызметкерлерінің жалақысын ағымдағы жылғы сәуірдің 1-інен бастап ұлғайтуды жоспарлап отыр

АСТАНА. Наурыздың 2-сі. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - 2010 жылдың нақтыланған бюджетінің жобасы бойынша Үкімет бюджет саласы қызметкерлерінің жалақысын ағымдағы жылғы сәуірдің 1-інен бастап ұлғайтуды жоспарлап отыр.
None
None

Бұл туралы бүгін «Нұр Отан» партиясының ҚР Парламент Мәжілісі фракциясының кеңейтілген жиналысында Премьер-Министр Кәрім Мәсімов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ең алдымен мен мынаны айтқым келеді: Егер сіздер қолдасаңыздар Мемлекет басшысының бізге тапсырғанындай бюджет саласы қызметкерлері үшін жалақыны ұлғайту ағымдағы жылғы сәуірдің 1-інен жүзеге асырылатын болады», деді отырыста Үкімет басшысы.

Премьер-Министрдің айтуынша, ағымдағы жылдың бюджеті даму бюджеті, индустриялық-инновациялық өрлеу бюджеті болып табылады.

Соңғы жаңалықтар