Үкімет денсаулық сақтауға 2010 жылы республикалық бюджеттен бөлінген мақсатты ағымдағы трансферттерді пайдалану ережесін бекітті

АСТАНА. Сәуірдің 3-і. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов ҚР Үкіметінің денсаулық сақтауға облыстық, Астана және Алматы қалалық бюджеттеінге 2010 жылы республикалық бюджеттен бөлінген мақсатты ағымдағы трансферттерді пайдалану ережесін бекіту туралы қаулыға қол қойды, деп хабарлайды реси бұқаралық ақпарат құралдары.
None
None

Ереже ҚР Үкіметінің 2010 жылғы ақпанның 3-індегі № 64 қаулысымен бекітілген.

Қазақстан Республикасының 2009 жылғы желтоқсанның 7-індегі «2010-2012 жылдарға арналған республикалық бюджеті туралы» Заңының 13 және 23-ші баптарын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қоса беріліп отырған денсаулық сақтауға облыстық, Астана және Алматы қалалық бюджеттерге 2010 жылы республикалық бюджеттен бөлінген мақсатты ағымдық трансферттерді пайдалану ережесі бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тәртіппен облыстық, Астана және Алматы қалалық бюджеттеріне 2010 жылы республикалық бюджеттен бөлінген мақсатты ағымдық трансферттердіің бекітілген сомасының аударылуын қамтамасыз етсін.

3. Облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының әкімдері:

1) бөлінген мақсатты ағымдағы трансферттер сомасын дер кезінде және мақсатты пайдаланылуын;

2) бөлінген мақсатты ағымдағы трансферттер сомасының пайдаланылуы туралы есептерді келесі есептік айдың 15-іне дейін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.

4. Осы қаулы 2010 жылғы қаңтардың 1-інен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Қаулының толық мәтіні республикалық БАҚ-тарда жарияланды.

Соңғы жаңалықтар