Үкімет қалыптастырған бюджет Елбасы Жолдауында жүктелген міндеттерді орындауға толық негіз бола алады

АСТАНА. 27 ақпан. ҚазАқпарат - Үкімет қалыптастырған бюджет Елбасы Жолдауындағы жүктеген міндеттерді орындауға толық негіз бола алады.
None
None

Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Мәжілісіндегі «Нұр Отан» ХДП фракциясының кеңейтілген отырысында «2012-2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын талқылау барысында депутат Нұртай Сабильянов  мәлім етті.

Депутаттың айтуынша, республикалық бюджетке енгізілген өзгерістер мен толықтырулар Елбасы тапсырмасын қаржыландыруға толық мүмкіндік береді. «Президенттің ағымдағы жылғы жолдауы еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына тың серпін беретіні анық. Өйткені жолдауда халықтың тыныс-тіршілігінің негізгі салалары толық қамтылса, оларды әрі қарай дамытудың нақты жолдарына қатысты қаражат бюджет жобасында қарастырылған. Осы ретте жалпы ішкі өнімнің көлемі 31,3 трлн. теңге болып бағаланып отыр. Бұл бекітілген бюджетпен салыстырғанда 2,3 трлн.ға артық. Бюджет кірісі 485,9 млрд. теңгеге, ал шығыс бөлігі 507,2 млрд. теңгеге өсті. Бұндай көрсеткіш Елбасы Жолдауын жүзеге асыруға толық негіз бола алады», - деді Н. Сабильянов.

Оның сөзіне қарағанда, бюджет жобасында көп шығынды қажет ететін әрі экономикалық өсімді қамтамасыз етпейтін шығыстар 25,6 млрд. теңгеге оңтайландырылған. «Болашақта осындай қаражатты онан сайын арттырып, оңтайландыру тереңдей түсуі керек деп ойлаймын. Бюджеттік инвестицияларды алып тастауға байланысты 32 млрд. теңге де басқа салаларға бөлініп отыр», - дейді депутат.

Соңғы жаңалықтар