Үкімет қазақстандықтардың сауалдарын әлеуметтік желі арқылы қабылдауда

АСТАНА. ҚазАқпарат  - 14 наурыз, сейсенбі күні ҚР Үкіметінің кезекті отырысы өтеді. Үкімет мүшелері Қазақстан азаматтарын әлеуметтік қамсыздандыру, денсаулық сақтау және азық-түлік бағаларына қатысты өз сұрақтарын жолдауға шақыруда, деп хабарлайды Kazpravda.kz .
None
None

Министрлер кабинетінің отырысында 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылуы, 2017 жылы көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге дайындық, сондай-ақ «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңының жобасы мен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаның өсуіне жол бермеу шаралары қаралады.

Отырыс соңында ұлттық экономика, денсаулық сақтау, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, ауыл шаруашылығы министрліктері өкілдерінің қатысуымен баспасөз мәслихаты өтеді.

Үкіметтің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, спикерлерге қойылатын сұрақтарды ask@pm.kz электронды мекенжайына немесе әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларға жолдауға болады:

1. fb.me/primeminister.kaz
2. fb.me/primeminister.kz
3. fb.me/primeminister.int
4. twitter.com/primeminister_k
5. twitter.com/primeministerkz
6. twitter.com/primeministeren

Соңғы жаңалықтар