Үкімет ҚР-дағы Кеден ісі туралы кодекс жобасын және ілеспе заңдардың жобасын мақұлдады

АНА. Мамырдың 11-і. ҚазАқпарат. /Ернұр Ақанбай / - Бүгін Үкімет Қазақстан Республикасындағы Кеден ісі туралы кодекс жобасын және оған ілеспе заңдардың жобасын мақұлдады,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атап айтқанда, Үкімет мақұлдаған ілеспе заңдардың ішінде Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу және салық салу мәселелері бойынша бірқатар заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі заң жобасы, Қазақстан Республикасындағы кеден ісі жөніндегі Қазақстан Республикасының кодексін іске қосу туралы заң жобасы, Кеден одағының Кеден кодексі туралы келісім шартты ратификациялау туралы заң жобасы бар. «Бүгін осы құжаттарды Парламентке енгізу үшін Премьер-Министрдің Кеңсесіне оларды маған қол қоюға шығаруды тапсырамын. Қаржы министрлігі аталмыш құжаттарды Парламенттен өткізуге күш салуы тиіс», деді Премьер-Министр Кәрім Мәсімов.

Оның пікірінше, бұлар Кеден кодексінен, Бюджет кодексінен салмағы бір мысқал да кем емес маңызды құжаттар болып табылады. Тіпті, қазіргі жағдайда олардың маңызы арта түсуде. Қаржы министрі Болат Жәмішевтің айтуынша, Қазақстан Республикасындағы Кеден ісі туралы Кеден кодексінің жобасы ұлттық заңнаманы Кеден одағының Кеден кодексіне сәйкестендіру мақсатында әзірленген.

«Кодекс жобасында бизнеске үлкен қолайлы жағдай қалыптастыру қарастырылған. Мәселен, кедендік декларациялау кезіндегі қажетті құжаттардың саны қысқартылған. Қазақстан Республикасының Кеден кодексінің жобасына сәйкес, Кеден одағының Кеден кодексіне қарағанда қамтамасыз етудің жаңа түрі - сақтандыру келісім шарты енгізілген. Кеден одағы Кеден кодексіне сәйкес, қамтамасыз етудің тағы бір жаңа түрі - кепілдік енгізілген. Жобаға сәйкес, кедендік органдардың Сыртқы экономикалық қызметке қатысушылармен және басқа да тұлғалармен өзара іс-әрекетін реттейтін мәселелер қамтылған. Бұдан бөлек кеден ісі саласындағы қызмет түрлері бойынша міндетті лицензиялық алымдар енгізілген. Кеден ісі саласындағы қызметтің белгілі бір түрлерін реестрге енгізу жөніндегі функцияларды орталықтандыру қарастырылған. Енді аталмыш функцияларды аумақтық кедендік органдар орындайтын болады», деді Б. Жәмішев.

Оның сөзіне қарағанда, жаңа терминдердің қолданылуына және кедендік әкімшілендірудегі бірқатар тәсілдердің өзгеруіне байланысты барлық 32 заңнамалық актілерге өзгертулер мен толықтырулар енгізілетін болады.

Соңғы жаңалықтар