Үкімет отырысы: Бірінші тоқсанда өңдеу өнеркәсібіндегі өнім өндірісі 1,6 пайызға өсті
Бұл туралы бүгін 2013 жылдың бірінші тоқсанындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларына арналған ҚР Үкіметінің отырысында Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев мәлім етті.
«Әлемдік экономиканың әлсіз өсуі өнеркәсіп салаларының өсу қарқынының бәсеңдеуіне жағымсыз әсерін тигізу үстінде»,-деді ол.
Мәселен, оның атап өтуінше, қара металлургия өніміне әлемдік сұраныстың төмендеуі ағымдағы жылдың үш айы ішінде өнім өндірісінің 20,8 пайызға қысқаруына әкелген.
«Арселор Миттал Теміртау» АҚ өндірісінің көлемі төмендеген. Бүгінгі күні кәсіпорынның сұрып илеу цехының жүктелімі 50 пайызды құрайды.
«Бұл ретте өңдеу секторының басқа салаларындағы оң серпінді атап өту қажет. Сонымен түсті металл өндірісі 4,8 пайызға, жеңіл өнеркәсіп - 4,7, химия өнеркәсібі 1,6 пайызға өсті. Машина жасау саласы мен сусын өндірісі өнімдерінің өсуі 21,3 пайызды құрады. Тұтастай алғанда өңдеу өнеркәсібіндегі өнім өндірісі 1,6 пайызға өсті»,-деді Е. Досаев.