Үкімет отырысында жалақы мәселеcі тыңғылықты қаралады

«Үкіметтің келесі отырысында қаралатын екінші мәселеге байланысты мен жалақы төлеуге қатысты бірқатар өңірдің баяндамасын тыңдағым келеді. Осы апта ішінде барлық кәсіпорындармен жұмыс істеп, бізге не болып жатқаны, қандай шаралар қабылдау қажеттіне орай нақты ақпараттар берілуі қажет», - деді Үкімет басшысы.
Сонымен қатар ол кеше Қарағанды облысына жұмыс сапарын жасап, ірі тау-кен металлургиялық кәсіпорындардың басшыларымен кездескенін еске салып өтті.
«Олар маған Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жұмысшы қызметкерлерінің қысқартылмайтындығына уәде берді. Яғни, олар кәсіпорындар бірде-бір адамның қысқармайтындығын, олардың жалақылары төленетіндігін айтты. Дегенмен, мұнан бөлек бізде орта және шағын кәсіпорындар көп, экономикалық ахуал оларға арқа сүйейді. Сондықтан бұл мәселе біздің бақылауымызда болуы тиіс. Келесі аптада біз оны тыңғылықты қарайтын боламыз», - деді К.Мәсімов.