Үкімет пен ҚР Ұлттық банкі 2016-2018 жылдарға арналған дағдарысқа қарсы іс-қимыл жоспарын қабылдады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Үкімет отырысында Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау шаралары жоспары және Дағдарысқа қарсы жоспар қабылданды.
None
None

«Менің ойымша, бүгін біз Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау шаралары жоспарына және Дағдарысқа қарсы жоспарға қатысты барлық мәселелерді айтарлықтай тыңғылықты талқыладық. Шын мәнінде бұл бір құжат. Атап айтқанда, ол алдымызда тұрған сын-қатерлерге жауап береді», - деді ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов. Осы жоспар бойынша ҚР Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев баяндама жасады. «Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2015 жылғы 30 қарашадағы «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсу, реформалар, даму» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру мақсатында Сіздің қарауыңызға Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының (Жалпыұлттық жоспары) және Үкімет пен Ұлттық Банктің экономикалық және әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі 2016-2018 жылдарға арналған дағдарысқа қарсы іс-қимыл жоспарының (бұдан әрі - Дағдарысқа қарсы жоспар) жобалары енгізіледі»,- деді Е.Досаев. Жалпыұлттық жоспар Мемлекет басшысы атап өткен 10 жылға арналған нысаналы индикаторларды және 5 бағыт бойынша 39 іс-шараны қамтиды. Жалпыұлттық жоспарды іске асыруда әзірленген Дағдарысқа қарсы жоспар Мемлекет басшысы 2015 жылғы 30 қарашадағы Жолдауында берген жоғарыда аталған 5 негізгі бағытқа сәйкес барлық тапсырмаларды қамтиды. Дағдарысқа қарсы жоспар «100 нақты қадам» Ұлт жоспары шеңберіндегі реформаларды тереңдету жөніндегі, Мемлекет басшысының 2015 жылғы 18 қарашадағы Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларын орындау жөніндегі шараларды, 2015-2016 жылдарға арналған жедел шаралар мен «ерекше кезең», сондай-ақ экономиканы долларсыздандыру жоспарларының өтпелі іс-шарларын қамтиды. Дағдарысқа қарсы жоспар 2 бөлімнен тұрады, яғни Мемлекет басшысы 2015 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан халқына Жолдауында айқындаған 5 негізгі басымдық шеңберінде жаңа құрылымдық экономиканы қалыптастыру, ал екіншісі - экономиканың өсуін және оған кредит беруді ынталандыру бойынша жедел шаралар қамтылған. Осы орайда қаржы секторын тұрақтандыру, бюджет саясатын оңтайландыру, жекешелендіру және экономикалық бәсекелестікті ынталандыру, жаңа инвестициялық сасаттың негіздері, жаңа әлеуметтік саясат және басқа да негізгі қадамдар ескерілген.

Соңғы жаңалықтар