Үкімет сыртқы факторлардың теріс ықпалын төмендетуге бағытталған контрциклды экономикалық саясатты жүргізеді - ҚР Премьер-Министрі

Бұл туралы бүгін «Нұр Отан» ХДП-ның кеңейтілген фракция отырысында Премьер-Министр Кәрім Мәсімов мәлім етті.
К. Мәсімовтің сөзіне қарағанда, Елбасының тапсырмасы аясында әлемдік экономиканың түрлі сценариі тұрғысында Қазақстан экономикасын тұрақтандыру бойынша іс-қимыл жоспары әзірленді.
«Біз сыртқы факторлардың теріс ықпалын төмендетуге бағытталған контрциклды экономикалық саясатты жүргіземіз. Президенттің жүктеген міндеттері мен тапсырмалары орындалады»,-деп қадап айтты Үкімет басшысы.
Контрциклды саясаттың негізгі тетігі болып бюджеттік саясат ескерілетін болады. Премьер-Министрдің айтуынша, экономиканың қызып кетуіне жол бермес үшін экономикалық өсім кезеңінде бюджеттің шығыстарының өсімі тежеледі. Ал, экономикалық төмендеу кезеңінде ішкі сұранысты қолдау үшін шығыстар артатын болады.