19:06, 06 Мамыр 2010 | GMT +5
Үкімет үйінде болған кездесуде қазақстандық инвестицияның Грузия экономикасының әр түрлі салаларына тартылуы мәселелері қаралды
СТАНА. Мамырдың 6-ы. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов бейсенбі, мамырдың 6-ы күні Үкімет үйінде Грузияның Сыртқы істер министрі Григол Вашадземен кездесу өткізді.
Бұл туралы ҚР Үкімет басшысының баспасөз қызметі хабарлады.
Кездесу барысында екі жақты сауда-экономикалық қатынастардың алдағы даму мәселелері, соның ішінде - қазақстандық инвестицияның Грузия экономикасының әр түрлі салаларына тартылуы мен көлік, энергетика және инфрақұрылымның дамуындағы ықпалдастықтың кеңеюі мәселелері талқыланды.