Үкіметтік емес ұйымдар «Нұрлы жол» бағдарламасын жүзеге асырудың тіреуі болуы керек - Ю.Натарова

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Елдің шығысындағы үкіметтік емес сектордың өкілдері «Нұрлы жол» бағдарламасында алға қойылған міндеттерді қазақстандықтардың барлығы белсенді түрде қолға алуы үшін халықпен жұмыс істеуге дайын екендіктерін мәлімдеді.
None
None

ОКҚ-ның брифингінде «Зубр» әлеуметтік корпоративтік қоры директорының орынбасары Юлия Натарова: «Зубр» ӘКҚ халықпен сәтті әлеуметтік байланыс орнатуда әдістемелік орталыққа айналуға дайын», - деп атап өтті.

«Президентіміз бізге кемелдену сынынан өту керек деді және біз, үкіметтік емес сектор осы міндетті шешуде сүйеніш болуымыз керек деп санаймыз», - деді ол.

Ю.Натарова осы жылдардың ішінде оларда халықпен де, мемлекеттік құрылымдардың органдарымен де сенімді қарым-қатынастар қалыптасқанын хабарлады. Үлкен әлеуметтік капитал, әлеуметтік инновациялар, тиімді әдістер, халықпен жұмыс істеудің интерактивті әдістері жиналды.

ҮЕҰ өкілі кез келген мемлекеттік бастаманың тек сауатты ақпараттық түсіндіру арқылы ғана табысты болатынын атап өтті.

Соңғы жаңалықтар