Украина Қазақстанмен сауда-экономикалық байланыстарды дағдарысқа дейінгі кезеңнің деңгейіне жеткізбек

АСТАНА. Қыркүйектің 8-і. ҚазАқпарат - Украинаның бірінші вице-премьері Андрей Клюев әлемдік дағдарысқа дейін байқалған Қазақстанмен сауда-экономикалық екіжақты байланыстардың серпінін қайта орнықтыруға үміт артып отыр.
None
None

Бұл туралы ол бүгін Экономикалық қарым-қатынастар жөніндегі Мемлекетаралық украиндық-қазақстандық комиссияның отырысы басында хабарлады. Аталмыш отырысқа қазақстандық тарапты бірінші вице-премьер Өмірзақ Шөкеев бастап барды, деп хабарлайды Украқпарат.

«Делегация алдында украиндық-қазақстандық байланыстардың маңызды мәселелері бойынша өзара тиімді шешімдер қабылдау және оны басты стратегиялық бағыт ретінде ынталандыруды жүзеге асыру міндеті тұр. Осының арқасында ұлттық экономика жандануға зор мүмкіндік туып, жүздеген кәсіпорындар арасындағы шаруашылық байланыстардың нығаюына әкеледі. Оның үстіне, әлемдік дағдарысқа дейін байқалған Қазақстанмен сауда-экономикалық екіжақты байланыстардың серпінін қайта орнықтыру қажет», - деп атап өтті А.Клюев.

Ол атап өткендей, Украина мен Қазақстан экономиканың барлық салаларында екі жақты байланыстарды дамытуға мүмкіндік беретін жеткілікті әлеуетке ие.

Соңғы жаңалықтар