Украина Президенті Астанаға жасаған сапарына толық қанағаттанатынын жеткізді

АСТАНА. Сәуірдің 7-сі. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Украина Президенті Астанаға жасаған сапарына толық қанағаттанатынын жеткізді. Бұл туралы Виктор Янукович Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен кеңейтілген құрамдағы кездесуден кейінгі баспасөз мәслихатында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

«Астанада қабылданған нақты шешімдер өте маңызды. Бұл қадамдар екі командаға да, яғни қазақстандық және украиналық тарапқа жұмыс істеуге негіз болып отыр. Атап айтқанда, бұл шаралар нақты екеніне және олардың орындалатынына менің тарыпымнан еш күмән жоқ»,-деп атап өтті Украина басшысы.

Осы тұрғыда В. Янукович екі ел қарым-қатынасының жаңа деңгейіне жол ашылып отырғанын жеткізді.

Соңғы жаңалықтар