Украина президенті бірқатар мемлекеттер басшыларын Жеңіс күнімен құттықтады

АСТАНА. 9 мамыр. ҚазАқпарат - Украина президенті Виктор Янукович бірқатар мемлекеттер басшыларын Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 66 жылдығымен құттықтады.
None
None

Укринформның президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлауынша, Виктор Янукович Ресей Федерациясының президенті Дмитрий Медведевті, Беларус президенті Александр Лукашенконы, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты, Әзірбайжан президенті Илһам Әлиевті, Грузия президенті Михаил Саакашвилиді, Өзбекстан президенті Ислам Каримовті, Армения президенті Серж Саргсянды, Түрікменстан президенті Құрбанқұлы Бердімұхаммедовті, Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонды, Қырғызстан президенті Роза Отынбаеваны және Молдова президентінің міндетін атқарушы Мариан Лупаны құттықтады.

Соңғы жаңалықтар