20:40, 05 Мамыр 2010 | GMT +5
Украинаға Жеңіс күніне орай 12 шетелдік делегация келеді, соның ішінде Қазақстан да бар
АСТАНА. Мамырдың 5-і. ҚазАқпарат - Украинадағы Жеңіс күніне 12 делегация қатысатын болады.
Бұл туралы сәрсенбі, мамырдың 5-і күні Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдық мерейтойын атап өтудің дайындығына қатысты үйлестіру кеңесінің отырысында елдің вице-премьері Владимир Семиноженко хабарлады.
Оның айтуынша, атап айтқанда, олар Ресей, Словакия, Польша, Латвия, Қазақстаннан келетін делегациялар болады, деп хабарлады Украинформ.
Киевте тәуелсіздік жылдарында алғашқы рет өткелі отырған шеруге Ресейдің 75 әскери қызметкері мен Беларустың 136 әскерилері қатысады. Сол сияқты, Мәскеу мен Минскіде болатын шеруге 187 украиндық сарбаз аттанған.
Украинада 9 мамыр - Жеңіс күніне арналған әскери шеруге 23 мың әскери қызметкерлер қатысады.