20:25, 22 Ақпан 2010 | GMT +5
Украинаның спортшысы жаттығудан кейін ауруханаға түсті
АСТАНА. Ақпанның 22-сі. ҚазАқпарат - Украинаның трамплиннен секіруші спортшысы Виталий Шумбарец олимпиадалық Уистлирде жаттығу кезінде аздап жарақат алды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Associated Press сайтына сілтеме жасап.
Агенттіктің деректері бойынша, спортшы өзіне-өзі ие бола алмай қалған және бетімен жер сүзе қарға құлаған. Ол бір сәтке есінен танып қалады, алайда көп ұзамай өзіне-өзі келеді. Шумбарец, дәрігерлердің айтуынша, қатты жарақат алмаған, тікұшақпен ауруханаға жеткізіледі.
Трамплиннен секіруден Украина құрамасы олимпиадалық командалық жарыстарға қатыспайтын болды.