Украинаның Сыртқы істер министрі ЕҚЫҰ саммитінің күнтәртібіне жалпы қауіпсіздік проблемаларын және «түйіні шешілмеген» дау-дамайларды енгізуді ұсынды

ИЕВ. Сәуірдің 1-і. ҚазАқпарат /Расул Бахамов/ - ЕҚЫҰ саммитінің күнтәртібіне жалпы қауіпсіздік проблемалары мен «түйіні шешілмей тұрған» дау-дамайларды реттеу мәселелері де енсе дұрыс болар еді,
None
None

деп мәлім етті сәрсенбі, наурыздың 30-ы күні Киевте Украинаның Сыртқы істер министрі Константин Грищенко.

ЕҚЫҰ-ның Қазіргі төрағасы, ҚР Мемлекеттік хатшысы- Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаевпен болған кездесуден кейін, Украина министрі, ЕҚЫҰ саммитінің осыған дейін он жылдай өтпей келгенін атап өтті.

К.Грищенконың айтуынша, осы аралықта көптеген өзгерістер орын алды және құрлықтағы қауіпсіздік мәселелері бүгінде жаңаша қойылуда.

«Бүгінде ЕҚЫҰ-ның қауіпсіздік саласындағы ролі жете бағаланбай отырған сияқты. Сондықтан да белсенді диалог қажет, оның ішінде мемлекет басшылары деңгейінде де. Тіпті ортақ мәміле жасалмаса да, елдердің проблемаға қатысты көзқарастарын үйлестіруге болады», деді К.Грищенко өз сөзінде.

Ол сондай-ақ Приднестрь шекарасына жақын орналасқандықтан, Украинаны «әлі түйіні шешілмеген» проблемалардың толғандырмай қоймайтынын атап көрсетті. К.Грищенконың айтуынша, осындай мәселелерді ЕҚЫҰ саммитінің күнтәртібіне қосуға болады. Дегенмен, бұл мәселе алдағы форумға қатысушы тараптардың бәрімен келісілуі керек, деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, Қанат Саудабаев қазір Шығыс Еуропа елдеріне сапар жасап жүр, наурыздың 31-інде ол Киевтен Молдова елордасы -Кишинэуге барды.

Соңғы жаңалықтар