16:58, 05 Сәуір 2010 | GMT +5
Украинаның жаңадан сайланған Президенті Виктор Янукович Қазақстанға ресми сапар жасайды
әуірдің 5-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Сәуірдің 7-де Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың шақыруымен Украинаның жаңадан сайланған Президенті Виктор Януковичтің Қазақстанға ресми сапары өтеді.
Бұл туралы бүгін Астанадағы брифингте ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Ілияс Омраов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Баспасөз хатшысының сөзіне қарағанда, сапар барысында екі ел мемлекет басшыларының шағын және кеңейтілген құрамдағы келіссөздері өтеді. «Сонымен қатар, сапардың аясында сауда-экономикалық, отын-энергетикалық салаларында, машина жасау өнеркәсібі мен агроөнеркәсіптік кешеніндегі, сондай-ақ ғарыш саласындағы және гуманитарлық ынтымақтастық бойынша бірқатар мәселелер талқыланады», деп атап өтті І. Омаров.