ҰҚШҰ бас хатшысы Николай Бордюжа БҰҰ басшысы Пан Ги Мунмен кездеседі

МӘСКЕУ. 18 сәуір. ҚазАқпарат /Нарымбек Ысмағұлов/ - Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының бас хатшысы Николай Бордюжа Біріккен Ұлттар Ұйымының бас хатшысы Пан Ги Мунмен кездеседі.
None
None

Кездесу БҰҰ басшысының Ресейге сапары барысында, жұма күні өткізіледі, деп хабарлады ҰҚШҰ баспасөз хатшысы Владимир Зайнетдинов.

Пан Ги Мун ҰҚШҰ жанындағы тұрақты кеңестің отырысында баяндама оқиды. Оның жұмысына ҰҚШҰ мүше мемлекеттерінің өкілетті өкілдері, сондай-ақ ҰҚШҰ хатшылығы мен Бірлескен штабының басшылығы қатысады.

Соңғы жаңалықтар
Референдум