ҰҚШҰ дағдарысты жағдайда әрекет етудің қосымша тетіктерін қарастыруда

МӘСКЕУ. Қыркүйектің 8-і. ҚазАқпарат /Нарымбек Ысмағұлов/ - Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы нормативтік құқықтық базаны жетілдірудің және дағдарысты жағдайда әрекет етудің қосымша тетіктерін жасаудың жолдарын қарастыруда. Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы елдерінің қауіпсіздік кеңесі аппараттары өкілдерінің сейсенбі күні Мәскеуде өткен консультациясына осы мәселе арқау болды.
None
None

ҰҚШҰ хатшылығының баспасөз қызметінен хабарлағандай, консультацияға қатысушылар Ұйымның дағдарысты жағдайда әрекет ету жүйесінің тиімділігін арттыру мәселелері бойынша өз ұстанымдарын ортаға салды және Ұйымның қызметін үйлестіруші құқықтық құжаттарды түзету және толықтыру жөнінде ұсыныстар айтты.

Қазақстандық тарап Ұжымдық қауіпсіздік шартына және ҰҚШҰ Жарғысына өзгертулер және толықтырулар енгізумен байланысты мәселелердің, осы толықтырулар мен өзгертулердің негізінен туындайтын басқа да құжаттардың бірінші кезекте қаралуын қамтамасыз етуді ұсынды.

ҰҚШҰ Хатшылығы дағдарысты жағдайда әрекет ету жөніндегі құжаттардың жобасын әзірлеп, оны Ұйымға мүше мемлекеттердің қарауына жолдаған. Сондай-ақ басқа да халықаралық ұйымдардағы дағдарысты жағдайда үн қату жүйелері туралы материалдар жиналды. Ұйым елдеріне жолданған құжаттар 2010 жылдың қыркүйек-қазан айларында өтетін консультацияларда қаралатын болады.

Соңғы жаңалықтар