ҰҚШҰ елдері экстремистерге қарсы іс-қимылға ерекше ден қоюда

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҰҚШҰ ерте бастан дағдарыстың алдын алу тетіктерін іске асыруына қарамастан, Ауғанстан аумағындағы лаңкестік топқа байланысты ҰҚШҰ оңтүстік шекараларына қауіп артып отыр, деді Мемдума депутаты Анатолий Выборный.

ҰҚШҰ елдері өз аумағында заңсыз қарулы құрамаларға қарсы іс-әрекетке баса мән береді, деп мәлімдеді Парламенттік Ассамблея тұрақты комиссиясының қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі төрағасы, Мемдума депутаты Анатолий Выборный, деп хабарлады РИА Новости.

11 наурызда Ереванда ҰҚШҰ ПА отырысы өтті. Оған Парламенттің төменгі палатасының спикері Сергей Нарышкиннің бастаған ресейлік парламент делегациясы қатысты.

Депутаттың айтуынша, ҰҚШҰ ерте бастан дағдарыстың алдын алу тетіктерін іске асыруына қарамастан, Ауғанстан аумағында орналасқан лаңкестік топқа байланысты ҰҚШҰ оңтүстік шекараларына қауіп артып отыр.

Ол қазір экстремистік ұйымдарға қарсы әрекетті, заңсыз қару мен есірткі сатумен күресті күшейтіп, ҰҚШҰ қатысушы елдер жастарының лаңкестердің жетегінде кетуіне жол бермеу шараларын қабылдау қажеттігін баса айтты.

Шетелден қаржыландырылатын үкіметтік емес ұйымдарға, аумаққа заңсыз қарулы құрамалардың енуінің, лаңкестік шабуылдың, есірткі сатудың, адам саудасының жолын кесу тұрғысынан бөлімшелердің жауынгерлік әзірлігін ерекше бақылайтын боламыз», деп қосты депутат.

ҰҚШҰ қатысушылары - Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан. Өзбекстан 2012 жылдың маусымында ұйым қызметіне қатысуын тоқтататынын мәлімдеген.

Соңғы жаңалықтар