13:51, 27 Қыркүйек 2010 | GMT +5
ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттерінің әскери-экономикалық байланыстары мәселелері Мәскеуде талқыланады
МӘСКЕУ. Қыркүйектің 27-сі. ҚазАқпарат /Нарымбек Ысмағұлов/ - Жұма күні Мәскеу қаласында Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының мүше-мемлекеттерінің әскери-экономикалық байланыстары жөнінде Мемлекетаралық комиссияның VIII отырысы өткізіледі (ӘЭБМК).
Ұйымның хатшылығының баспасөз қызметі хабарлағандай, комиссия отырысы барысында ӘЭБМК жаңа төрағасын сайлау және ҰҚШҰ мүше-мемлекеттерінің әскери-экономикалық байланыстарына қатысты құжат жобаларын қарастыру жоспарланып отыр.
Сонымен қатар, ҰҚШҰ жанынан әскери мақсаттағы өнімдерді шығару, әскери мақсаттағы өнімдерді жасау, пайдалану, жөндеу, жетілдіру, қолдану мерзімін ұзарту және оны жою, сонымен қатар ҰҚШҰ мүше-мемлекеттері қарулары мен әскери техникаларын техникалық және ақпараттық қамтамасыз ету жөніндегі мемлекетаралық ғыыми-өндірістік бірлестікті құру мәселесі де талқыға салынбақ.