ҰҚШҰ мен ЕҚЫҰ бас хатшылары екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылау үшін Мәскеуде кездеседі

КЕУ. 28 қыркүйек. ҚазАқпарат /Нарымбек Ысмағұлов/ - ҰҚШҰ бас хатшысы Николай Бордюжа 4 қазан күні ЕҚЫҰ бас хатшысы Ламберто Заньермен кездеседі, ол шақыру бойынша алғаш р ет ҰҚШҰ жанындағы Тұрақты кеңестің кеңейтілген отырысында сөз сөйлейді.
None
None

Ұйымның баспасөз хатшысы Владимир Зайнетдиновтің айтуынша, ҰҚШҰ мен ЕҚЫҰ бүкіл еуразиялық аймақта тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету, жанжалдарды болдырмау және оларды реттеу жөнінде заманауи әлемнің өзекті мәселелері бойынша кең ауқымды мәселелер бойынша серпінді байланыс жасауда.

«Ұйымдар арасында Ауғанстанды жанжалдан кейінгі жайластыруға, лаңкестікпен және есірткі ағымынымен күресте, әскери-саяси мәселелер бойынша жәрдемдесу мәселелері бойынша сындарды диалог орныққан, ҰҚШҰ және ЕҚЫҰ бас хатшылары арасындағы баланыстар ұдайы сипатта және жоғары деңгейде жалғасып отыр», - делінген хабарламада.

Тұрақты кеңес отырысына ҰҚШҰ мүше-мемлекеттерінің уәкілетті өкілдері, ҰҚШҰ хатшылығы мен біріккен штабының басшылығы, Армения, Беларус, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан елшілері шақырылып отыр.

Соңғы жаңалықтар